Мейірімділік және алғыс
2023 жылдың 28 ақпан күні кітапхананың «Білім» орталығында 1-наурыз Алғыс айту күніне «Мейірімділік және алғыс» ашық есік күні өткізілді. Мақсаты: елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу. Шараға қаланың ардагерлер кеңесінің мүшелері мен кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.
Ардагерлер кеңесінің мүшелері Орлова Н.П., Савицкая Л.Ф. қазақ халқының бауырмалдығын, қонақжайлығын, бүгінде елімізде әртүрлі этностардың тату-тәтті өмір сүріп жатқанын әңгімелеріне арқау етіп, қазақ жұртына өз алғыстарын айтты. Шара шағын ән шашумен өз жалғасын тапты. «Мейірімділік және алғыс» көрмесі таныстырылды. Кітапханашы бұл мерекенің қазақ халқының мейірімді және ынтымақшыл әдет-ғұрпынан бастау алатын тарихи дәстүрлеріне негізделгенін атап өтіп, осы мерекенің тарихы туралы көптеген жаңа және қызықты мағлұматтармен танысып, «Алғыс айту күні» атты бейнеролик тамашалады.