Мәңгілік жаса, қыран елім

      25 қазан- Республика күніне орай, кітапханада өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін оятып, елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Мәңгілік жаса, қыран елім» танымдық кеш өткізілді. Іс-шараға № 1 мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты.

     «Республика күні» – бірқатар мемлекеттердегі республиканың таптырмас атрибуты болып табылатын мемлекеттің республика болып  жарияланған немесе елдің конституциясы қабылданған күні атап өтілетін ұлттық мереке.
      Шара барысында бейбітшілік пен келісім адамзаттың асыл құндылықтарының бірі екендігін, жалпы бейбітшілікке, тыныш өмір сүруге ұмтылу қазақ халқының қанына сіңген асыл қасиеттерінің бар екенін тарихтан белгілі екендігі жайлы айтылды. «Мәңгілік жаса, қыран елім» кітап көрмесі ұйымдастырылды.