Мәңгілік жаса, қыран елім – Қазақстаным!
25 қазан Республика күніне орай 8 сынып оқушылары арасында «Мәңгілік жаса, қыран елім – Қазақстаным!» тақырыбында патриоттық сағат өткізілді. Мақсаты: оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін дәріптеу, ұлттық бірлік пен елжандылық қасиеттерін қалыптастыру. Іс – шара еліміздің әнұранымен басталды. Шара барысында патриоттық бейнешолу , сұрақ-жауап ойыны, викториналық сұрақтар қойылды. «Мәңгілік жаса, қыран елім – Қазақстаным!» атты патриоттық сағат жоғары деңгейде өтті. Оқушылар ел тарихы мен тәуелсіздіктің мәнін терең түсініп, Отанға деген сүйіспеншіліктерін өлең, ән және ой-пікірлері арқылы көрсетті. Шара жас ұрпақты елін сүюге, туған жерін құрметтеуге, Қазақстанның жарқын болашағына өз үлесін қосуға тәрбиелеуге бағытталды.




