Оқылмаған кітаптар әлемі

2019 жылдың 23 сәуірінде «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің  ұйымдастыруымен, №1 жалпы орта білім беретін  мектебі оқушыларының  қатысуымен «Оқылмаған кітаптар әлемі» атты әдеби вернисаж өткізілген болатын.
Әдеби вернисажды өткізудегі мақсатымыз, кітапханаға жастар мен жасөспірімдерді көптеп тарту, бос уақыттарын пайдалы іспен шұғылданумен өткізу көзделді.

 «Кітап– білім бұлағы»атты кітап көрмесі оқырман назарына  ұсынылды.Көрмеге көркем әдебиет, тарихи және танымдық әдебиеттер, жаңадан келіп түскен әдеби кітаптар қойылды. Кітапхана қызметкерлері көрмеге шолу жасап, оқушыларды жаңа басылымдармен таныстырды. Іс-шара барысында кітаптың шығу тарихы туралы видеосюжет көрсетіліп, слайд арқылы сұрақтар қойылды. Оқушылар іс- шараға белсене қатысып отырды.

1 2 3 4 5 6 7 8