Мирас болған мол мұра

2024 жылдың 04 қаңтар күні кітапханада Қазақстанның халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толуына орай «Мирас болған мол мұра» тақырыбында әдеби вернисаж ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: оқырмандарға қазақтың саңылақ суретшісі Әбілхан Қастеев туралы білімдерін толықтырып, суретшінің қыл қаламынан туған шығармаларын таныстыру.

        Іс-шара барысында Ә.Қастеевтың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы мәліметтер айтылды. Оқушылар  қойылған сұрақтарға өте белсенді жауап берді. «Мирас болған мол мұра» атты кітап көрмесі құрылып,  шолу жасалды.

 

9  10  11