Жастар біздің мақтанышымыз,болашағымыз

2023 жылдың 11 тамыз күні кітапхананың оқу бөлімінде жастарды ұйымшылдыққа,  патриоттық сезімге баулу мақсатында  «Асар» волонтерлық корпусының және «Жас ел» еңбек жасағының сарбаздарының қатысуымен  «Жастар біздің мақтанышымыз,болашағымыз» тақырыбында әңгіме сағаты өткізілді.  Шара барысында балалар мереке тарихымен кеңінен танысып, қазіргі жастардың әлеуметтік және құқықтық деңгейлеріне мән беріп, жастардың алдында тұрған өзекті мәселелердің шешімдерін табуға тырысты .Қатысушылар өз ойларын ортаға салды.  Іс-шара барысында жастар күніне арналған бейнеролик көрсетіліп,кітапханашы «Жастар біздің мақтанышымыз,болашағымыз» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

 

6 5 7 8 9 13 14 15 11