Өмірі өлеңмен өрілген

Қазақтың дауылпаз ақыны, көрнекті қаламгер Қасым Аманжоловтың туғанына 115 жыл толуына орай оқырмандар арасында «Өмірі өлеңмен өрілген» атты қалалық Қасым оқулары байқауы өткізілді. Мақсаты: жас ұрпаққа Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, көркемсөз оқу шеберлігін дамыту, поэзияға деген қызығушылығын арттыру және ақын шығармалары арқылы елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Байқау екі номинация бойынша өткізілді. 1.«Ей, тәкаппар дүние, маған да бір қарашы» номинациясы бойынша Қ.Аманжоловтың өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу. 2.«Өзге емес, өзім айтам өз жайымды...» номинациясы бойынша ақынның шығармашылығы, өмірі немесе поэзиясы туралы өз ойын еркін жеткізу немесе ақын шығармасының тәрбиелік мәніне қысқаша әдеби талдау жасау. Әділ-қазылар алқасының шешімімен: «Ей, тәкаппар дүние, маған да бір қарашы» номинациясында 1 орын 06708 әскери бөлім сарбазы А.Айтмолда, 2 орын №1 мектептің 9 сынып оқушысы Б.Қасқатай, 3 орын 06708 әскери бөлім сарбазы Д.Елеубеков иеленді. «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды...»» номинациясында 1 орын 06708 әскери бөлім сарбазы Д.Мирзабай, 2 орын Б.Әбдісерік иеленді. Қалалық Қасым оқулары байқауы барысында қатысушылар ақынның жалынды жырларын мәнерлеп оқып, өлеңдерінің мазмұны мен көркемдік ерекшелігін танытты. Қатысушылар ақынның сыршыл лирикасын жүрекпен жеткізіп, өздерінің өнері мен шығармашылық қабілеттерін ортаға салды. Қасымның өршіл өлеңдері – ұлт рухының айнасы. Ақын мұрасы жас ұрпақты туған елін сүюге, ерлік пен азаматтықты қадірлеуге үндейді. Іс-шара соңында қатысушыларға алғыс білдіріліп, Қасым Аманжоловтың шығармашылық мұрасын дәріптеу мақсатында кітап көрмесі ұйымдастырылып, естелік суретке түсті.