Өмір мен өнер өрнегі

       Ағымдағы жылдың 5 наурыз күні жазушы, журналист Кәрім Баялиевтің туғанына 100 жыл толуына орай «Өмір мен өнер өрнегі» атты әдеби-танымдық сағат өткізілді. Мақсаты: жазушының өмірі мен шығармашылығын оқырмандарға таныстыру, оның әдеби мұрасын насихаттау. Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, туған елдің әдебиеті мен мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу. Шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылығына байланысты қызықты деректер айтылып, шығармалары мен кітаптарынан құралған кітап көрмесі таныстырылды.