Мұстафа Шоқай-түркі әлемінің алыбы

 Биыл Алаштың арда азаматы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың туғанына – 130 жыл. Осыған орай, 2019 жылдың 21 қараша күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу залында «Мұстафа Шоқай – түркі әлемінің алыбы» тақырыбында еске алу кеші өтті. Іс-шараға  № 2 мектептің 9 сынып оқушылары қатысты.

      Мақсаты: Алаштың арысы, әлем таныған үлкен тұлға Мұстафа Шоқай өмірімен, қызметімен, еңбектерімен етене таныстырып ұлттық тұлға жайлы білімін жетілдіру, Алаш зиялылары туралы мәліметтер және олардың тарихта алатын орны туралы баяндау;

        Мұстафа Шоқай — қазақ тарихында саяси қайраткер, түркі халықтарының біртұтас идеясының авторы және сол үшін күресуші ретінде аты қалған тарихи тұлға. Кеңес Одағы кезінде «халық жауы» атанып, қуғынға ұшырап, эмиграцияда жүріп, құпия жағдайда өлім құшқан азаматтың есімі басқа алаш арыстарымен қатар ақталып, халқына оралған алаш қайраткерлерінің бірі екені ақиқат.

      Іс-шараға Мұстафа Шоқайдың өмірі мен шығармашылығына арналған «Рухани жаңғыру және Алаш зиялылары» тақырыбында кітап көрмесі қойылды, «Мұстафа және алаш зиялылары» деректі фильмінен үзінді көрсетіледі.

10 11 12 13 14 17 18 19 22