Музыка майталманы
Ағымдағы жылдың 29 сәуір күні қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижëр Ахмет Қуанұлы Жұбановтың туғанына 120 жыл толуына орай «Музыка майталманы» атты портрет кеші өткізілді. Мақсаты: жас ұрпаққа Ахмет Жұбановтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен таныстыру, қазақ музыка өнерінің дамуына қосқан үлесін насихаттау, ұлттық өнерге деген құрмет пен қызығушылықты арттыру. Кеш мектеп оқушыларының қатысуымен өтті. Шара барысында кітапханашы ғалымның өмір жолы мен шығармашылық мұрасы туралы мазмұнды ақпарат берді. Оқушылар Ахмет Жұбанов туралы деректермен бөлісіп, оның қазақ музыкасына сіңірген еңбегі жөнінде пікірлерін айтты. Сонымен қатар, тақырыпқа сай дайындалған кітап көрмесі таныстырылып, көрмеге қойылған еңбектерге шолу жасалды. Қатысушылар көрме арқылы композитордың зерттеулері мен шығармалары жайлы қосымша мәлімет алды.



