Музыка менің әлемім

Замана бұлбұлы, қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыздарының бірі, ерекше дарынды тұлға, композитор, Қазақстанның және ССРО-ның халық артисі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Жұбанова Ғазиза Ахметқызының туғанына 95 жыл толуына орай мектеп оқушыларының қатысуымен «Музыка менің әлемім» тақырыбында әңгіме шолу өткізілді. Мақсаты: қазақ музыкасының биік тұлғасы – Ғазиза Жұбанованың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет беру. Оқушыларды өнерді және ұлттық музыка өнерінің қадір қасиетін түсіне білуге тәрбиелеу.

     Кітапханашы И.Талханбаева кітап көрмесімен таныстырып, Ғазиза Жұбанованың балаларға арнап жазған әрбір туындысы туған еліне, жеріне деген ыстық махаббатынан туындаған көркем шығармалары жайлы мағлұмат айтып өтті.

9 11 12 13