Ұмытылмас тұлға
19 маусым күні кітапханада көрнекті жазушы-педагог, аудармашы, қоғам қайраткері С.Көбеевтің туғанына 145 жыл толуына орай « Ұмытылмас тұлға» тақырыбында әдеби кеш өткізілді. Мақсаты: жазушының өмірі мен шығармашылығын меңгерту; қазақ поэзиясына мағыналы әңгімелер мен мысалдарды жазуды мақсат еткен туындыларының идеялық мазмұнын ұғындыру; ақын-жазушының қаламынан туған мысал, әңгімелер арқылы оқушыларды адами қасиеттерге баулу, автор көтерген тағылымдар арқылы жазушының азаматтық бейнесін ашу;
Спандияр Көбеев – қазақ кеңес жазушысы, ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі сыни реализмнің өкілі, қоғам қайраткері, Қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімі, ауылды жерлерде мектептер ашып, білім мен ғылым саласын дамытуға зор үлес қосқан тұлға.
Кеш барысында кітапханашы өз кезегінде оқырмандарға жазушының өмірінен танымды мәліметтер жеткізе отырып, оларға қаламгердің төл туындысы гендерлік теңсіздік мәселесіне арналған «Қалыңмал» романы жайлы терең мағлұмат берді. Іс-шара соңында «Ұмытылмас тұлға» атты бейнеролик көрсетіліп, кітап көрмесіне шолу жасалды.