Мұзтаудың мұзбалағы

Жазушы, драматург, журналист, Қазақстан  жазушылар одағының мүшесі  Оралхан  Бөкейдің  туғанына 75 жыл толуына  орай  2018 жылдың  25 қыркүйек күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу залында «Мұзтаудың мұзбалағы» атты әдеби кеш өтті. Іс-шараға №1 мектептің 10 сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты: оқушылардың жазушы жайлы ұғымдарын қалыптастыру, көркем сөз оқу шеберліктерін дамыту, әдебиет өнерін қадірлеуге баулу;

Оралхан Бөкей – публицистика, поэзия, проза жанрларын әдемі тоғыстырған қазақ әдебиетінің жаңашыл дара жазушысы. Іс-шара барысында кітапханашы Ж.Досмуратова жазушы Оралхан Бөкейдің шығармашылығы туралы баяндама жасады. Оқушылар ақын-жазушылардың Оралхан Бөкей туралы айтқан дәйек сөздерін оқыды. Жазушының өміржолдары мен шығармашылығын баяндайтын слайд көрсетілді. Кітапханашы Ж.Досмуратова жазушының шығармашылығына арналған «Оралхан өмірі өнегелі» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

IMG_0085 IMG_0090 IMG_0093 IMG_0097 IMG_0098 IMG_0102 IMG_0130 IMG_0158