Ән жұлдызы Шәмші аға

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай кітапханада ән падишасы атанған Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған «Ән жұлдызы Шәмші аға» тақырыбында музыкалық кеш өткізілді. Мақсаты: қазақтың біртуар сазгері Ш.Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау; қазақ эстрадасының алтын қорындағы әндерді көпшілікке қайта жаңғырту.

      Іс-шара барысында кітапханашы Ш.Қалдаяқовтың өмір жолы, шығармашылығы сондай-ақ, 300 ге жуық әндері бар екенін айтып өтті. Шара соңында Шәмші туралы фильм көрсетіліп, кітап көрмесіне шолу жасалды.