«Нашақорлық-қоғам дерті»»
2019 жылдың 19 қараша күні оқушылар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша іс-шара өткізу жоспарына сәйкес, № 2 жалпы орта білім беретін мектептің оқушыларының қатысуымен «Наркомания - враг общества» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: өскелең ұрпаққа адамзат өміріне қатер төніп отырған нашақорлықтың аса қауіптілігін ұғындыра отырып алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу;
Шара барысында кітапхана қызметкері адам өміріне кері әсерін тигізетін зиянды заттардың қайдан және қалай басталғанына тоқталып, сонымен қатар қоғамымызда салауатты өмір салтына деген саналы көзқарастың жеткіліксіздігіне осы жағымсыз жайттардың кең өрістенуі себепкер және де кәмелеттік жасқа толмағандар мен жастар арасында есірткіні қолданудың етек алуы ерекше алаң туғызуда екендігін айтты
Шара соңында нашақорлық туралы презентация көрсетіліп, «Нашақорлық-қоғам дерті»» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.