Есірткі – өмірдің жауы
Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай «Есірткі – өмірдің жауы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға, өмірлік дұрыс таңдау жасауға тәрбиелеу;
Іс-шара барысында қатысушылар есірткінің адам өміріне, денсаулығына және қоғамға тигізетін кері әсері туралы пікір алмасты. Есірткінің алдын алу, оның заңсыз айналымымен күрес, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы жөнінде ақпарат берілді. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Кездесу соңында жастарды есірткіден аулақ болып, дені сау, саналы өмір сүруге шақыратын қорытынды жасалды.