Халық жазушысы-С.Бақбергенов

2025 жылдың 15 сәуір күні қалалық кітапхананың оқу залында халық жазушысы С.Бақбергеновтың 105 жылдығына орай «Халық жазушысы-С.Бақбергенов» атты әдеби қонақжай ұйымдастырылды. Іс-шараға № 1 мектептің 9 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: Қазақстанның халық жазушысы С.Бақбергеновтың өмірбаяны және шығармаларымен таныстыру;
Үлы Отан соғысына қатысқан ардагер,көп жылдар бойы республикалық газет-журналдарда қызмет атқарған.Жазушының көптеген шығармалары КСРО халықтары тілдеріне аударылған. С.Бақбергеновтың тақырып танымыда кең. Үлы Отан соғысы кезінде бейбітшілік кезең жайында да көп жазды. Ол өнер адамдарды, ғылым, спорт шеберлері туралы да қалам тартумен болды.Осының бәрі журналист-жазушының көп көріп, көп білгенін, тынымсыз тірлік-ізденістің иесі екенін дәлелдейді.Сонымен қатар кітап көрмесі де ұйымдастырылып, оқырмандарға таныстырылды.