Нашақорлық-21 ғасыр індеті
2018 жылдың 26 маусым күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 26 маусым - Халықаралық наркомандық және наркобизнеспен күрес күніне орай «Нашақорлық-21ғасыр індеті» атты пайдалы-кеңес өтті. Іс-шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары мен Жастар ресурстық орталығының «Жасыл Ел» жасақтары қатысты.
Мақсаты: нашақорлық мәселесіне қоғамның назарын аудару, салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың есірткіге елігіуіне қарсы тұру үшін азаматтардың қолдауына ие болу, жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу шараларын айқындап беру.
Нашақорлық –еліміздің дамуына орасан зор кедергі келтіретін індет, сондықтан біз осы індетпен табанды түрде Қазақстанның болашағы үшін аянбай күресуіміз керек. Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу,оның алдын алу — біздің қолымызда, себебі біздер жаңа дәуірде елімізді сақтайтын жігерлі, мықты, денсаулығы зор ұрпақ жалғастыратын қазақ елінің салауатты ұрпағымыз. Іс-шара барысында оқырмандарға есірткінің зияндығы туралы видеоролик және нашақор адамның түр әлпетінің өзгеруі жайлы презентация көрсетілді. «Іс- шара соңында оқушылар назарына «Нашақорлық-қоғамдық дерт» атты кітап көрмесі ұсынылды.