Нашақорлық-ортақ қасірет

2022 жылдың 24 маусым күні кітапхананың «Білім» орталығында Халықаралық наркомандық және наркобизнеспен күрес күніне орай «Нашақорлық-ортақ қасірет» тақырыбында пікір-сайыс өтті.

       Мақсаты: адамзат ұрпағына төніп тұрған, ғасыр дертіне айналып отырған нашақорлықтың зардаптарын түсіндіру, зиянды заттардан аулақ болуға шақыру. Адамгершілік жөнінде және құқықтық тәрбие беру, салауатты өмір салтын насихаттау;
      Кітапханашы өз кезегінде нашақорлық - ғасыр дерті екендігін, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу мақсатында түсіндіріп өтті. Оқырмандар назарына «Нашақорлық-ортақ қасірет» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

7 5 6 j4k7X28kt6Um_8