Нашақорлық тауқыметі

2019 жылдың 30 мамыр күні 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай «Приозерск қалалық қітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханашылары № 1 қазақ орта мектебінің 10 сынып оқушылары арасында «Нашақорлық тауқыметі» тақырыбында бейнеролик көрсетті.
Іс-шараның мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттау, адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру; жаман әдеттен бойларын аулақ ұстауын қалыптастыру;
Іс-шарада кітапханашы қатысушыларға нашақорлықтың зияны, оның адам ағзасына тигізер зардабы жайлы баяндап, есірткі қылмысын жасағандарға қатысты қолданылатын жаза түрлері жөнінде де ескертіп өтті. Сондай-ақ «Нашақорлық –қоғам дерті» атты кітап көрмесі құрылды.