Наурыз – жылулық пен мейірімділік мерекесі

2019 жылдың 19  наурызында «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  «Атамұра» орталығында Наурыз мерекесіне орай «Наурыз – жылулық пен мейірімділік мерекесі» атты мерекелік кеш өтті. Іс-шараға №1 мектептің 10 сынып оқушылары қатысты.

Бұл шараның басты мақсаты: Наурыз мейрамына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, Қазақстанда бейбітшілік пен достықты нығайту, этносаралық қарым-қатынас мәдениетін дамыту;

Наурыз - Орталық Азиядағы ең көне мейрамдардың бірі. Күн мен түннің теңеліп, Самарқанның көк тасы жібіген наурыздың 22 күні- табиғат- ананың таңғажайып тепе- теңдікке бөленетін, жаңару мен жасарудың бастау алатын Ұлы күні. Іс-шара барысында «Қош келдің, әз ​​Наурыз!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Кітап көрмесінде «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Наурызнама», «Ас атасы нан», «Қазақ халқының дәстүрлері той-мереке, сауық-сайран», «Народные игры», «Ұлттық ойын тамашалары», «Қазақтың ұлттық тағамдары», «Национальная кухня», «Қазақтың киіз үйі», «Жеті қазына» сияқты кітаптар орын алды.

IMG_20190313_131929_1 IMG_20190313_132052 IMG_20190313_132102 IMG_20190313_132110