Наурыз-берекем

2024 жылдың 20 наурыз күні кітапхананың «Білім» орталығында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Наурыз- берекем» атты дивертисмент кеші өтті. Іс-шараға «Сырласу» клубының мүшелері және №1 мектептің 9 - сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу; Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттау;

Іс-шара шағын ән шашумен және ұлттық ойындармен өз жалғасын тапты. Кітапханашы Индира Талханбаева Наурыз мерекесі жайлы қызықты мәліметтер айтып өтті және мереке жайлы оқушыларға сұрақтар қойып, кері байланыс алды. «Наурыз берекем» атты бейнеролик көрсетіліп, кітап көрмесі таныстырылды.