Наурыз-көктем мерекесі

2021 жылдың   19 Наурыз «Шымырлық пен шеберлік» күніне орай кітапхананың балалар бөлімі дайындаған «Наурыз-көктем мерекесі» атты сурет көрмесін ұсынамыз. Көрменің мақсаты: Әз-Наурыздың тарихымен, сән-салтанат, салт-дәстүрімен таныстыру, сондай-ақ, жас жеткіншектердің жеке шығармашылығын дамыту, әрі кеңінен насихаттау. Кітапхананың  тұрақты  жас оқырмандары Наурыз туралы суреттер салып, белсенділік танытты. Қолөнер – халықтың ұлттық мұрасы, мәдениеті мен өнерінің айқын көрінісі.