Наурызым-дәстүрлі ізгілігім

«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу залында наурыздың 19 күні Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне орай «Наурызым-дәстүрлі ізгілігім» атты мерекелік  кеш өтті. Мерекелік кешке  «Сырлас» клубының мүшелері және № 1 мектептің оқушылары қатысты.

Мақсаты: Наурыз мерекесі жайлы толық ақпарат беріп,қазақ халқының салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын насихаттау.

Наурыз мерекесімен сабақтасып жататын халқымыздың көптеген дәстүр-салттары,ырымы аз болмаған. Бүгінгі іс-шарада қазақтың салт-дәстүрінің бірі: тұсау кесу рәсімі көрсетілді. Мерекелік кеште Наурыз мерекесінің шығу тарихы туралы слайд көрсетіліп, оқушылардың өнерлері ортаға салынды. «7ә» сынып оқушысы Жусипова Милана  «Қамажай» биін мың бұрала билеп, Әлимханова Арай «Балбырауын», «Келіншек» күйлерін нақышына келтіріп орындады.Қазақ халқының салт-дәстүрлерінен үзінді көріністер қойылды. Мерекелік іс-шарада ақ жаулықты әжелеріміз шашуларын шашып,ақ баталарын берді.

Оқырмандар назарына  «Нұр себеле,Ұлыстың ұлы күні» атты презентация көрсетіліп,«Наурыз-береке бастауы» атты кітап көрмесі ұсынылды.

IMG-20180319-WA0135 IMG-20180319-WA0138 IMG-20180319-WA0139 IMG-20180319-WA0140 IMG-20180319-WA0150

IMG-20180319-WA0157