Өнердің алтын арнасы
Ағымдағы жылдың 6 мамыр күні композитор, қазақ жазушысы Ілия Жақановтың туғанына 90 жыл толуына орай «Өнердің алтын арнасы» атты әдеби дилижанс өткізілді. Іс-шараға мектеп оқушылары қатысып, өнер иесінің шығармашылығымен кеңінен танысты. Мақсаты: жазушының өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау, ұлттық өнерге деген қызығушылықтарын арттыру, эстетикалық тәрбие беру. Шара барысында оқушыларға жазушының өмір жолы мен шығармалары туралы мазмұнды ақпарат берілді. Оның әндері мен әдеби еңбектері таныстырылып, қатысушылар арасында пікір алмасу ұйымдастырылды. Сонымен қатар, тақырыпқа сай кітап көрмесі қойылып, кітапхана қорындағы туындыларға шолу жасалды.

