Өнерге адал өмір

2026 жылдың 17 наурыз күні жазушы Курманбай Толыбаевтың 100 жылдығына арналған «Өнерге адал өмір» атты тақырыптық кеш өткізілді. Мақсаты: рухани құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу, жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Шара барысында жүргізуші жазушының өмірбаянына тоқталып, шығармашылық еңбектері туралы мағлұмат берді. Жазушы туралы бейнеролик көрсетіліп, естеліктер мен әдеби талқылаулар ұйымдастырылып, жазушының өмір жолына арналған көрме таныстырылды.