Ұмытылмас күн
2026 жылғы 22 маусым Ұлы Отан соғысының басталғанына 85 жыл толуына орай «Ұмытылмас күн» атты тарихи-танымдық кеш ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халқымыздың ерлігі мен жанқиярлық еңбегін дәріптеу, тарихи жадымызды жаңғырту, жастардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру және бейбіт өмірдің қадірін түсіндіру.
Кеш барысында соғыстың алғашқы күндері, майдангерлердің ерлігі туралы мәліметтер айтылып, тарихи деректер мен естеліктер таныстырылды. Сондай-ақ қатысушылар назарына соғыс тақырыбына арналған кітап көрмесі ұсынылып, көрмедегі әдебиеттерге шолу жасалды. Іс-шараға 44841 әскери бөлімінің сарбаздары қатысып, тарихи маңызы зор мәліметтермен танысты. Кездесу жастардың тарихи санасын қалыптастыруға және Отан қорғаушылардың рухын көтеруге ықпал етті.