Қоғам айнасы – Роллан
2026 жылдың 12 қазан жазушы, драматург Р. Сейсенбаевтың туғанына 80 жыл толуына орай «Қоғам айнасы – Роллан» атты тұлғатану сағаты өткізілді. Мақсаты: жазушы, драматург Роллан Сейсенбаевтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен таныстыру, әдеби мұрасын насихаттау, шығармаларының тақырыптық және тәрбиелік мәнін ашу, оқырмандардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және рухани құндылықтарды дәріптеу; Тұлғатану сағаты барысында оқырмандарға Роллан Сейсенбаевтың өмір жолы, шығармашылық қалыптасуы мен әдебиет әлеміндегі орны туралы мәліметтер берілді. Жазушының шығармаларына шолу жасалып, туындыларындағы қоғам шындығы, адам тағдыры, ұлттық болмыс пен рухани құндылықтар кеңінен сөз болды. Сонымен қатар қаламгердің әдеби мұрасының маңыздылығы мен бүгінгі қоғам үшін өзектілігі атап өтілді.





