Оқитын жауынгер – ұлтқа сенімді қорған
2026 жылдың 17 ақпан күні 06708, 44841 әскери бөлім сарбаздарының қатысуымен, «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында, «Әскери бағыт» бойынша «Оқитын жауынгер – ұлтқа сенімді қорған» атты ақпараттық сағат өткізілді. Мақсаты: сарбаздар арасында кітап оқуды насихаттау, ұлттық рухты көтеретін әдеби шығармаларды таныстыру.
Ақпараттық сағатты кітапханашы ашып, «Кітап оқитын ұлт» жобасының маңыздылығына тоқталды. Кітаптың адам өміріндегі орны мен білімді сарбаз – ел қорғаны екені айтылды. Іс-шара барысында патриоттық рухтағы шығармаларға шолу жасалды: Бауыржан Момышұлы – «Ұшқан ұя» шығармасы арқылы отансүйгіштік тағылымы; Әзілхан Нұршайықов – «Ақиқат пен аңыз» кітабындағы ерлік бейнесі. Сарбаздар оқыған кітаптары жайлы ой бөлісіп, өздеріне ерекше әсер еткен үзінділерді оқыды. Сондай-ақ әдебиет пен тарихқа байланысты сұрақтар қойылып, патриоттық викторина ойнатылды. «Оқитын жауынгер – ұлтқа сенімді қорған» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әскери-патриоттық бағыттағы әдебиеттер таныстырылды. «Оқитын жауынгер – ұлтқа сенімді қорған» ақпараттық сағаты сарбаздардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, рухани дамуына ықпал етті.
Іс-шара барысында әскери қызмет пен рухани тәрбие егіз ұғым екені айқындалды. Кітап оқитын, білімді, саналы жауынгер – тәуелсіз елдің берік тірегі екені насихатталды.



