Отбасы сәні-сыйластық
2018 жылдың 15 мамыр күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Дүниежүзілік отбасы күніне орай «Отбасы сәні-сыйластық» атты танымдық кеш өтті. Мерекелік іс-шараға №1 мектептің 10 сынып оқушылары қатысты
Мақсаты: Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, рухани тазалыққа баулу; отбасы мен ата-ананы бағалауды үйрету.
Отбасы - адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі - дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі - дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – ата-ана.
Іс-шара барысында кітапханашы М.Айтжанова отбасы туралы айтып өтті. Оқушылар отбасы туралы сауалнама толтырып, отбасы жайлы өлеңдер оқыды. Оқушылар назарына «Бақытты жанұя» тақырыбында видеоролик көрсетіліп, «Отбасы-алтын діңгек» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.