«Парасат жолы» бұрышы
2021 жылдың 19 ақпан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ- нің оқу бөлімінде ҚР Ұлттық академиялық кітапханасынан бастау алған «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышы ашылды. Іс-шараның ашылуына: Приозерск қалалық мешіт қызметкері Жұбантаев Е., Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің дін маманы Сейтқали Ә.Д., «Нұр Отан» партиясы Приозерск қалалық филиалының кеңесшісі Жартыбаева М. С., Приозерск қалалық мәслихат аппаратының бюджет мәселесі бойынша бөлім басшысы Данегулова Р.А., Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлім басшысының орынбасары Дулатова Ж.Т., ҚР журналистер Одағының мүшесі, ақын Қарабеков Н.Қ., Қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрін және әдет-ғұрыптарын дамыту жөніндегі Приозерск қалалық «Атамұра» орталығы қоғамдық бірлестігінің мүшесі Сүлейменов М.А., Жастар ресурстық орталығының дін маманы Сейсов Н.Ю., «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің директоры Кенжебекова П.С. қатысты.
«Парасат жолы» - адалдық, парасаттылық, әділеттілік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын қоғамда ілгерілетуге бағытталған жоба. Іс-шараның негізгі мақсаты – ғылыми және шығармашыл зиялы қауым өкілдері бірлесіп, қоғамдағы парасаттылық идеологиясын ілгерілету, сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту, жұртшылықтың сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігін қалыптастыру.
Адалдық, парасаттылық жайлы, сыбайлас жемқорлық туралы библиограф Г.Мукышева айтып өтіп, келесі сөз кезегінде қаламыздың ақыны Н.Қ.Қарабеков, дін маманы Ә.Д.Сейтқали, Жастар ресурстық орталығының дін маманы Н.Ю.Сейсов өскелең ұрпақ адамгершілік пен парасаттылық, мейірім мен рақымдылық сияқты рухани құндылықтарға, жемқорлыққа бой алдырмайды деген пікірлерін білдірді. Сөз соңында кітапхана директоры П.С.Кенжебекова қорытындылап,сыбайлас жемқорлық ұғымын, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейін, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін кері әсері туралы мәселелерді айтып өтті.