Қазақтың алғашқы дипломаты

2023 жылдың 5 қаңтар күні мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері, қазақтың заңғар жазушысы Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтің туғанына 80 жыл толуына орай кітапхананың «Білім» орталығында «Қазақтың алғашқы дипломаты» танымдық сағат өткізілді.

Аталған іс-шара мақсаты: еліміздің әдебиеті мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосып келе жатқан дара да дана тұлға Мұрат Әуезовтың өнегелі өмірі, елі мен жеріне жасаған шексіз еңбегі, жазған туындыларын насихаттау. Іс-шара барысында кітапханашы Мұрат Әуезов туралы өмірбаяндық мәліметтер, таңдаулы туындылары туралы бейнеролик көрсетіп, кітап көрмесімен таныстырды.