Әлем таныған әнші
2026 жылдың 1 шілде қазақ опера өнерінің көрнекті өкілі, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Ермек Серкебаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Әлем таныған әнші» атты әдеби-музыкалық кеш өткізілді. Мақсаты: қазақ музыка өнерінің саңлағы Е.Серкебаевтың өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау, ұлттық мәдениетімізді дәріптеу, оқырмандардың өнерге деген қызығушылығын арттыру және жас ұрпақты рухани құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу;
Кеш барысында қатысушыларға Е.Серкебаевтың өнегелі өмір жолы, қазақ опера өнерінің дамуына қосқан елеулі үлесі мен шығармашылық жетістіктері жайында кеңінен мәлімет берілді. Өнер иесінің сахнадағы шеберлігі мен халқына қалдырған мол мұрасы туралы тағылымды әңгімелер айтылды. Іс-шара аясында ұйымдастырылған «Әлем таныған әнші» атты кітап көрмесіне әншінің өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар, естеліктер мен фотодеректер қойылып, оқырмандарға таныстырылды.