Ұлт қаламгері

2026 жылдың 8 маусым күні жазушы, аудармашы Е. Зікібаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Ұлт қаламгері» атты танымдық сағат өткізілді. Мақсаты: қаламгердің өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау, оқырмандардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу.

Іс-шара барысында кітапханашы Е. Зікібаевтың өмір жолы, әдеби шығармалары мен аударма саласындағы еңбектері туралы мазмұнды ақпарат берді. Сонымен қатар, қаламгердің еңбектері мен ол туралы әдебиеттер қойылған кітап көрмесі таныстырылып, оқырмандарға насихатталды.