Тағзым. Тарих. Тәубе
2026 жылдың 28 мамыр күні Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Тағзым. Тарих. Тәубе» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – саяси қуғын-сүргін құрбандарының тағдырын жас ұрпаққа таныстыру, тарихи шындықты дәріптеу, өткенге тағзым етіп, ел тарихына құрмет сезімін қалыптастыру;
Шара барысында кітапханашы қатысушыларға саяси қуғын-сүргін жылдарындағы халқымыз бастан өткерген ауыр кезеңдер туралы мағлұмат берді. Мектеп оқушылары тарихи деректермен танысып, өз пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, тақырыпқа сай дайындалған кітап көрмесі таныстырылып, көрмеге тарихи кітаптар мен естелік еңбектер қойылды.
Іс-шара соңында қатысушылар өткен тарихты ұмытпай, ел тәуелсіздігінің қадірін білу – әр азаматтың парызы екенін атап өтті.