Талант пен талғам
Халық ақыны, көрнекті қаламгер Мәриям Хакімжанованың туғанына 120 жыл толуына орай «Талант пен талғам» тақырыбында танымдық сағат өткізілді. Мақсаты: Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Мәриям Хакімжанованың өмірі мен шығармашылығын кеңінен таныстыру, ақынның әдеби мұрасын насихаттау, өлеңдерінің тәрбиелік мәнін ұғындыру, жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, көркем сөзге құрметпен қарауға тәрбиелеу. Іс-шара барысында оқырмандарға ақынның өмір жолы, шығармашылық белестері мен қазақ әдебиетіндегі алатын орны туралы мағлұмат берілді. Ақынның өнегелі өмірі мен сырлы жырларына тоқталып, шығармаларынан үзінділер оқылды. Танымдық сағат Мәриям Хакімжанованың бай әдеби мұрасын танып-білуге, поэзия әлеміне тереңірек бойлауға мүмкіндік берді.







