Ұранды елдің-ұрпағы қайсар

Оқушылардың бойында Отан сүйгіштік қасиеттерін қалыптастырып, еліміздің Тәуелсіздігін қадірлей отырып, оны  қорғай білуге тәрбиелеу, Отанымыздың Қарулы Күштерін мақтаныш ету, патриоттық сезімдерін ояту мақсатында  5 мамыр күні  кітапханада Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері күніне орай  «Ұранды елдің-ұрпағы қайсар» атты патриоттық кеш өтті. Іс-шараға 06708 әскери бөлімнің мерзімдік қызметтегі әскери қызметшілер мен «Жас зеңбірекші» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері қатысты.  

7 – мамыр - Қазақстан Қарулы күштерінің туған күні. Тарихтағы әрбір даңқты күндер секілді бұл мерекеміздің өзіндік сыры бар. Оны оқырмандарға ұғындыру, күні ертең олардың да Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге баратынын, ол үшін шынығу, шыңдалу қажеттігін жете білуге көмектесу қажет.

Патриоттық кеште Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылуы, Отанымыздың бейбітшілігін сақтаудағы маңызы туралы ақпарттар беріліп, «Ұранды елдің-ұрпағы қайсар» кітап көрмесіне шолу жасалды.