Туған жер

Туған жер- адам баласының кіндік қаны тамған, жанына, жүрегіне жақын, қимас сезімге бөлейтін алтын ұясы. Оның топырағы да, тауы мен тасы да ыстық болады. Әркімге өз ауылы, туған жері мақтан. Әр азамат үшін туған жерінің әр тасы, бір тамшы суыда қымбат. Оның самал желі, таза ауасы, жұпар исі аңқыған даласы кез келгеннің жанын жаулап алады. Осы орайда 31 шілде күні Приозерск қалалық кітапханасының ұйымдастыруымен Қала күніне орай «Туған жерім- тұнған шежіре» тақырыбында танымдық сағат өткізілді. Мақсаты: қатысушыларға өз өлкеміз жайында мағұлмат беру, туған жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу. Отан сүйгіштік сезімдерін шыңдау.

WhatsApp Image 2024-07-23 at 07.18.16  WhatsApp Image 2024-07-23 at 07.16.46