Рухани келісім-гүлдену жолы

2019 жылдың 18 қазан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  Рухани келісім күніне орай «Рухани келісім-гүлдену жолы» атты ізгілік сабағы өтті. Іс-шараға № 1 мектептің 10 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты:

Баланың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету, бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту, оларды адамгершілікке, имандылыққа, шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу

Бұл айтулы мереке 1992 жылдың 18 қазанында Алматыда қаласында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Бірінші «Бүкіләлімдік рухани келісім конгресі» өткен күннен бастау алған. «Рухани келісім күні» еліміздегі әртүрлі ұлттар мен дәстүрлі діндердің арасындағы ауызбіршілік пен татулықтың, тыныштық пен тұрақтылықтың, бейбітшілік пен ынтымақтың мерекесі

Балалар адамның жақсы құндылықтарының бірі мейірімділік, конфессияаралық татулық жайлы әңгімелесіп, қайрымдылық пен кешірімділік, қамқорлық пен инабаттылық сияқты ізгі істердің өзектілігі жайлы өз ойларын қысылмай жеткізді. «Рухани келісім-татулық тұғыры» атты кітап көрмесі құрылды.  Сонымен қатар балалар кітапханасында № 1 мектептің 4 сынып оқушыларына «Рухани келісім-бірлік пен татулық кепілі» тақырыбында презентация көрсетілді.

33 34 36 56 57 58 59 61