Рухани келісім-халық бірлігіне бастар жол.
Ағымдағы жылдың 16 қазан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 18 қазан Рухани келісім күніне арналған «Рухани келісім-халық бірлігіне бастар жол» ақпараттық сағаты кітапхананың оқырман залында өткізілді. Шараға кітапхананың оқырмандары қатысты.
Мақсаты: Тәуелсіз Қазақстандағы конфессионалдық жағдай, діни сенім бостандығы туралы түсінік, дінаралық келісімнің Қазақстандық модулі, Қазақстан президентінің бейбітшілік пен дінаралық келісім орнату саласындағы саясаты туралы түсінік беру;
Спикер оқырмандарға қызмет ету бөлімінің кітапханашысы Б.Н.Пірмаханова оқырмандарға Қазақстан Тәуелсіздігін жария еткеннен бастап дін мәселесіне қатысты ар-ождан бостандығының құқықтары туралы айтып берді.
Бұл айтулы мереке 1992 жылдың 18 қазанында Алматы қаласында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен бірінші «Бүкіләлемдік рухани келісім конгресі» өткен күннен бастау алған. «Рухани келісім күні» еліміздегі әртүрлі ұлттар мен дәстүрлі діндердің арасындағы ауызбіршілік пен татулықтың, тыныштық пен тұрақтылықтың, бейбітшілік пен ынтымақтың мерекесі. Оқырмандар назарына «Рухани келісім-халық бірлігіне бастар жол» атты кітап көрмесі рәсімделді.