Рухани келісім күні-тұрақтылықтың іргетасы
2023 жылдың 18 қазан Рухани келісім күніне орай , Қазақстандағы этносаралық келісім мен татулық маңызын түсіндіре отырып, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу мақсатында «Рухани келісім күні-тұрақтылықтың іргетасы» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға № 2 мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты.
Рухани келісім күні алғаш рет 1992 жылғы 18 қазанда өткізілді. Содан бері бұл күн — Қазақстандағы әлеуметтік маңызды күндердің бірі болып саналады. Елімізде түрлі ұлт өкілдері діни наным-сенімдерінің әртүрлілігіне қарамастан, тату-тәтті өмір сүріп келеді. Қазіргідей алмағайып заманда өркениеттер арасындағы бейбіт келісімді сақтау - өзекті мәселелердің бірі.
Іс-шара барысында кітапханашы балаларға бұл күннің шығу тарихымен таныстырды.«Рухани келісім күні-тұрақтылықтың іргетасы»тақырыбындағы кітап көрмесі ресімделіп, шолу жасалды.