Рухани келісім-тұрақтылықтың іргетасы
2018 жылдың 18 қазан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Рухани келісім күніне «Рухани келісім – тұрақтылықтың іргетасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге кітапхананың тұрақты оқырмандары мен оқушылар қатысты.
Шараның мақсаты: оқырмандардың бойына гуманистік дүниетанымның негіздерін, рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға ықпал ету.
Халықаралық Рухани келісім күні алғаш рет 1992 жылғы 18 қазанда өткізілді. Содан бері бұл күн — Қазақстандағы әлеуметтік маңызды күндердің бірі.Ұлтымыз бен діни сенімге қарамастан барлығымызды біріктіретін осы күн — қоғамдағы тұрақтылық пен келісім күні.
Көпұлтты мемлекетімізде және бүкіл әлемде келісім мен өзара түсіністікті насихаттау мақсатында рухани келісім күніне ұйымдастырылып отырған кітап көрмесіне Ә.Нысанбаевтың «Тәуелсіздік. Демократия. Гуманизм», «Ислам ынтымақ пен бірлік жолында» Ахетов А. «Святое притяжение отчизны», «Актуальные вопросы государственно-конфессиональных отношений в республике Казахстан», Лаумулин М. «Геополитические процессы в исламском мире», және мерзімді басылым беттеріне жарияланған ақпараттар ұсынылды.