Рухы биік, өнегесі өміршең би

Ағымдағы жылдың 22 қаңтар күні кітапхананың «Білім» орталығында Тобықты  руының атақты биі, ел басшысы Кеңгірбай би Жандосұлының туғанына 286 жыл толуына орай «Рухы биік, өнегесі өміршең би» атты тарихи ақпараттық сағат өтті.  Мақсаты: Ел ішіне биліктілігімен, қара қылды қақ жаратын әділдігімен, тура жолдан таймайтын адалдығымен даңқы тараған Кеңгірбай би Жандосұлының тарихынан сыр шерту. Кең жазира қазақ даласының атақты билері туралы мағлұмат беру, ұлылардың өмірі мен танысу. Жеке тұлғалық қабілеттерін дамыту, шығармашылық ізденіске бағыттау, болашақ ұрпақты ізгілікке, адамгершілікке, ұлы билердің еңбегін үлгі ете отырып, туған халқы үшін аянбай еңбек етуге үйрету.

      Спикер: оқу бөлімінің кітапханашысы А.Ешжанова би деген атауға түсінік бере отырып, қазақ халқының атақты билерінің ұрпақ келешегі үшін аянбай қызмет атқарғанын дәріптеп, Кеңгірбай би туралы толық мағлұмат берді. 

 

5 4