Салауатты ұрпақ -Тәуелсіздік тірегі
2024 жылдың 26 маусым күні Халықаралық наркомандық және наркобизнеспен күрес күніне арнайы «Салауатты ұрпақ-Тәуелсіздік тірегі» тақырыбында әңгіме сағаты ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты:табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру .«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздегеннің» әлде қайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру. Шара барысында зиянды әдеттердің адам өміріне деген кері әсерің, наркобизне заң жүзінде қатаң жазаға тартылатындығы туралы мәліметтер айтылып, «Салауатты ұрпақ-Тәуелсіздік тірегі» атты кітап көрмесі таныстырылып өтті.