«Сан қырлы қаламгер"

2019 жылдың 13 ақпан күні «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру  аясында «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқырмандарға қызмет ету бөлімінде жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның мәдениет қайраткері  Сүйіндік  Жанысбайдың  туылғанына 70 жыл толуына орай «Сан қырлы қаламгер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге №1,2 мектептің оқушылары және кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.

Мақсаты: Оқушыларға  С.Жанысбайдың  өмірі мен шығармашылығымен таныстыру арқылы отансүйгіштікке, елін, жерін сүюге, ана тілін жақсы білуге,өнерге баулу.

Ақтоғай ауданының Ыстыбұлақ ауылында туып-өскен Сүйіндік Жанысбай шығармашылық еңбек жолын Қарағанды облыстық теле-радио комитетінде редактор болып бастаған. Көптеген кітаптардың авторы.

Аталмыш көрмеде кітапхана қорындағы Сүйіндік Жанысбайдың  «Кездесу», «Өкініш», «Сарыарқаның самалы» т.б.шығармалары  ұсынылды.

DSC_0041 WhatsApp Image 2019-02-14 at 09.46.51 (1) WhatsApp Image 2019-02-14 at 09.46.51 (2) WhatsApp Image 2019-02-14 at 09.46.51 (4)