Сарабдал сынның сардары

Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының және халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты, ғалым-сыншы Зейнолла  Серікқалиевтің туғанына 85 жыл толуына орай мектеп оқушыларының қатысуымен «Сарабдал сынның сардары» тақырыптық  кеш өткізілді.

Мақсаты: Зейнолла Серікқалиевтің өмірін, жазған өлеңдері мен еңбектерін оқушыларға ұғындыру. Кеш барысында кітапханашы сыншының шығармашылық  тұлғасының  қалыптасуы-ғылыми  зерттеу, дүниетану даналығы жолындағы ізденістері туралы баяндама оқып, кітап көрмесімен таныстырды