Елдік үшін күрескен Сартай батыр
Қазақтың даңқты батыры Сартай Байжанұлының туғанына 315 жыл толуына орай кітапханада «Елдік үшін күрескен Сартай батыр» тақырыбында тарихи-ақпараттық кеш өткізілді. Іс-шараға 44841 әскери бөлімінің сарбаздары қатысты. Мақсаты: Сартай Байжанұлының өмірі мен ерлік жолын кеңінен насихаттау, батырдың ел мен жерді қорғаудағы тарихи тұлғасын таныту, жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа және туған жерді құрметтеуге тәрбиелеу. Тарихи-ақпараттық кеште Сартай батырдың өмірі, жоңғар шапқыншылығына қарсы күрестегі ерлігі және ел бірлігін сақтаудағы рөлі туралы тағылымды мәліметтер берілді. Батырдың қайсарлығы мен ел қорғаудағы азаматтық ұстанымы кеңінен сөз етіліп, қазақ тарихындағы орны туралы әңгіме өрбіді. Кеш барысында ел қорғаған ерлердің өнегесі бүгінгі ұрпақ үшін де маңызды екені атап өтілді.
Сартай батырдың ерлік жолы – елдік пен бірліктің, отансүйгіштік пен қайсарлықтың жарқын үлгісі.













