«Сарыарқа жастары»

2019 жылдың 19 шілдесінде Приозерск қаласында өтіп жатқан «Сарыарқа жастары»  форумына қатысушылар: «Жаңғыру жолы» ҚХА республикалық жастар қозғалысы аймақтық штабының мүшелері мен Қарағанды облысының этномәдени бірлестіктерінің жас өкілдері  «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне экскурсия жасады.

Экскурсия барысында олар кітапханадағы «Атамұра» қазақ халқының мәдеиетін, салт-дәстүрін және әдет-ғұрпын дамыту жөніндегі орталықпен және  жаңадан ашылған «Білім» орталығымен танысты.   Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Шерзод Аббозович Пулатов кітапханаға  үш тілде шыққан «Жерұйық» кітабын сыйлады.

Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Ерлан Бейсембайұлы Құсайын және Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Шерзод Аббозович Пулатов кітапханамызға өздерінің ізгі тілектері мен пікірлерін қалдырды.

DSC_0025 DSC_0030 DSC_0035

 

DSC_0044 DSC_0047 DSC_0051 DSC_0103 DSC_0102 DSC_0100 DSC_0098 DSC_0056 DSC_0059 DSC_0060 DSC_0065 DSC_0069 DSC_0077 DSC_0078 DSC_0083 DSC_0088 DSC_0094