Сатира сарбазы

2025 жылдың  5 сәуір күні қалалық кітапхананың «Білім» орталығында қазақстандық жазушы, публицист, сатирик Ғаббас Қабышулының 90 жылдығына орай «Сатира сарбазы» атты әдеби кеші өткізілді. Іс-шараға № 2 мектептің 9 сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты: Қазақтың сатиригі, публицисттің өмір баянымен және шығармашылығымен таныстыру;

Ғаббас Қабышұлы - ақыл айтып жүрер аяулы ақсақалымыздың бірі, халқымызға танымал сатирик. Әр бір әнгімесінде мағынасы бар, оқушыны бей-жәй күйінде қалдырмай елітіп отырады. Іс-шара барысында «Сатира сарбазы» кітап көрмесі ұйымдастырылды.