Семей полигоны – шерлі шежіре

Ұлтымыздың жүрегіне жазылмас жара салған Семей ядролық сынақ полигоны тарихы – қасіретті де тағылымды шежіре. Ядролық сынақтарға қарсы күнге орай оқырмандар арасында «Семей полигоны – шерлі шежіре» атты тарихи-ақпараттық кеш өткізілді.
Мақсаты: ядролық сынақтар зардаптарын халық санасына жеткізу, полигон қасіретінің тарихи мәнін ашу, қасірет құрбандарын еске алу арқылы жас ұрпақты бейбітшілік пен келісім құндылықтарын қастерлеуге тәрбиелеу. Іс-шара барысында Семей ядролық полигонының тарихы, алғашқы ядролық сынақтар, полигонның қазақ жеріне тигізген қасіреті, зардартары туралы оқырмандарға кең көлемде ақпарат беріліп, кітап көрмесі таныстырылды.